Жедел жәрдем қызметкерлері көмек сұрап видеоүндеу жолдады

Фото: видеодан скриншот

Медицина
700

Фельдшерлер төмен жалақы мен ауыр жұмыс жағдайына шағымданып видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Теміртау қаласындағы жедел медициналық жәрдем қосынының қызметкерлері ашық видеоүндеу жазды.

Олар жалақылары 140–160 мың теңге екенін, осы ақшаға қарамастан көбіне өз денсаулықтарын қатерге тігуге мәжбүр болатынын айтады.

Кейде олар шақыртуға жалғыз өзі баруға тура келеді, ал кейбір науқастар мас күйінде немесе агрессивті болады. Сонымен қатар қызметкерлердің айтуынша, «зияндылық үшін» қосымша төлем небәрі 6 мың теңге.

Бригадалар көліктердің жетіспейтінін де айтып отыр.

Үндеу барысында медициналық қызметкерлер жалақыны көтеруді, қосымша төлемдерді енгізуді, штат санын ұлғайтуды және жедел жәрдем машиналарын жаңартуды сұрайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. 2025 жылы бюджет есебінен 113 жаңа жедел жәрдем көлігін және санитарлық авиацияның екі бірлігін сатып алу жоспарланып отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...