Өзбекстанның 6 азаматы Маңғыстау облысында жол апатынан қаза тапты

фото: Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
3448

16 қазанда таңғы сағат 07:30-да Бейнеу-Тәжен тасжолында жол апаты болып, салдарынан 6 Өзбекстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jac көлігі жол жиегінде тұрған MAN жүк көлігіне соғылған. Жүк көлігінің жол жиегінде шекарадан өту үшін кезекте тұрғаны анықталды.

Көлікте барлығы 10 адам болған. Олардың төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Науқастар толық көлемде қажетті ем алады. Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ жол апатына түскен көліктердің Өзбекстан Республикасында тіркелгені, қаза тапқандар мен зардап шеккендер сол елдің Ресей Федерациясынан келе жатқан азаматтары екені анықталды.

Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығы аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс...