Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне 31 жыл толды

Фото: 7kun.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1915

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне 31 жыл болды. Бүгін оның бюстіне гүл шоқтары қойылды, - деп хабарлайды madeniportal.kz

Іс-шараға Дінмұхамед Қонаевтың серіктестері мен ізбасарлары, туыстары мен жақындары, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен қала қонақтары қатысты. 

"Димаш Ахмедұлы мәңгі жүрегімізде. Оның еңбегі мен жетістіктері әркез ел есінде. Бұған биыл Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптардың шығуы дәлел", - деп атап өтті Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев.

Салтанатты рәсім соңында қатысушылар үшін Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйіне және мемориалдық пәтеріне экскурсия өтті. Экспонаттар қатарында 1992 жылы Дінмұхамед Ахмедұлына сыйға тартылған және демеушілердің қолдауының арқасында кезекті мерейтойына қалпына келтірілген Pontiac Grant Prix жеке автокөлігі ерекше көзге түсті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...