Атырау облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамның өліміне...
120 миллион теңге: Шерзаттың әке-шешесі өтемақы талап етті
Фото: ulysmedia
3036
Шерзаттың әке-шешесі өтемақы талап етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Шерзат Полат ісі бойынша сотта сотталушы Дархан Әскентайдың адвокаты Мәулен Ержанов жәбірленушілер тарапының 120 млн теңге талап еткен арызымен келіспейді. «Жәбірленуші тарап кеткен шығынды түбіртек арқылы дәлелдесін» деп отыр.
«Бұл сома өте үлкен. Қорғауымдағы Дархан Әскентайдың төлеуге жағдайы жоқ. Себебі, өзі жетім бала. Әке-шешесі, тұрақты жұмысы жоқ. Өзі де көзінен жарақат алып, істе жәбірленуші ретінде танылған. Жұмыс істей алмайды», - дейді ол.
Сотталушының адвокаты осы талапқа қарсы арыз түсіргелі отыр.