“Мадияр-жуас бала”: Мадинаның көршісі күйеуі туралы айтты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
759

Танымал журналист Жан Ахмадиев Меркіде қаза болған 19 жастағы Мадинаның қайын жұртына барып, жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысқанмен қайын жұрты ештеңе айипаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марқұмның ата-енесі журналистке сұхбат беруден бас тартқан.

Осыдан кейін Жан Ахмадиев олардың көршісімен сөйлесіп, Мадинаның отбасы туралы пікірін тыңдаған. Көршісінің айтуынша, Мадияр мінезі жуас жігіт болған.

«Көрші тұрсақ та Мадияр-жуас бала. Ашумен ұрса ұрған да шығар. Еркек болған ұрады ғой. Ұрғанда да өлтіріп ұрғанын көрмеймін мен. Отбасы болған соң айқайласып ұрысқан шығар», – деді ол.

Бұл пікірге көпшілік наразылығын білдіріп, "өлтіріп ұрғанын көрмеймін" деген сөзге ашулануда.