Алматыда полиция басқармасы басшысының орынбасары Қайыржан Тоқтыбаев әдепсіздігі үшін судьядан сөз е...
140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС-тен миллиардтаған қаржы жымқырғандар сотталды
Фото: freepik
36 қылмыстық іс, 3,5 млрд теңге залал келген. МӘМС қорынан заңсыз қаржы жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, 140 мың адам емханаларға жалған тіркеліп, іс жүзінде болмаған қабылдауларға жазылып, ем алған.
Мәселен, Түркістан облысында аудандық ауруханалардың бірінде лауазымды тұлғалар МӘМС аясында бөлінген қаражатты ешқандай қызмет көрсетпей, 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Мемлекетке келтірген шығын 501 млн теңгеден асты. Екі күдікті қамауға алынды.
Астанада жеке клиника 15 мыңнан астам азаматты заңсыз тіркеп, «Damu Med» арқылы 79 млн теңгенің жалған медициналық қызмет рәсімдеген.
Клиника басшысы 5 жылға, ал сыбайласы 3 жылға сотталды.
Алматы облысында жеке стоматологиялық клиника да осындай схемамен мемлекетке 66 млн теңге шығын келтірілген.
Нәтижесінде басшының мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.