2 келі есірткіні жұтып қойған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2764

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп жазады madeniportal.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

фото: ҰҚК

«2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.

Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды.

Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан артық. Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайтыны» жазылған хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай болды. Полиция 40 жастағы әйелдің қаза болу мән-жайын анық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Айгүл Иманбаева бала күнінде ажырасқан ата-анасымен арадағы қарым-қатынасы жайында айты...