“Бұл тек бастамасы": боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына ағалары ат мінгізді

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Видеодан кадр: Instagram/emilomorov

ЖАҢАЛЫҚТАР
2749

Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына жақындары қолдау білдіріп, оған ат мінгізді. Олар спортшының алар асуы әлі алда екеніне сенімді. 

Мұхамедсабыр Базарбайұлының ағасы Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, достары інісіне ат сыйлағанын хабарлады. Бейнежазбада бір топ ер азаматтың боксшыға атты табыстап жатқанын көруге болады. "Ассаламағалейкум! Жеңісте де, жеңілісте де, әр қашанда қолдап жүрген достарыма үлкен рақмет! Ініміздің еңбегін бағалып, ат мінгізді! Құдай қаласа бұл тек бастамасы! Алға", - деп жазды спортшының ағасы Эмиль Оморов.

Айта кетейік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарында 63,5 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, турнирдің ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберді. Алғашқы раундта отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетсе, кейінгі екі раунд грузиялықтың пайдасына шешілді. Нәтижесінде Мұхаммедсабыр 3:2 есебімен жеңіліп қалды.

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...