«Балалар қаза тапты»: Банкет залда атыс болып, 4 адам тіл тартпай кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1209

Калифорнияда атыс болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Калифорния штатының Стоктон қаласында банкет залында болған атыста 4 адам қаза тауып, 10 адам жараланды.

Оқиға сенбіде кешке Стоктон қаласындағы банкет залында өткен отбасылық мереке кезінде болған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында ересектер де, балалар да бар. Күдікті әлі бостандықта жүр.

Шериф кеңсесінің баспасөз хатшысы Хизер Бренттің айтуынша, алдын ала тергеу бұл оқиғаның әдейі жасалған шабуыл екенін көрсетті. Сондай-ақ, тергеушілер басқа да нұсқаларды қарастырып жатыр.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шабуыл жасаған адамның бойы шамамен 170 сантиметр. Ол қара шалбар киген.

Стоктонның вице-мэрі Джейсон Лидің мәліметінше, атыс баланың туған күні кешінде болған.

Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсомның мәліметінше, атыс отбасылық жиын кезінде болған.

Қазіргі уақытта күдікті анықталған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қараусыз қалған бүлдіршін терең құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды M...