Словакияда адам ұрлау ісі бойынша үш қазақстандық студент ұсталды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
255

Словакияның Тренчин қаласында жергілікті университеттің төрт студентін полиция ұстады. Олардың үшеуі Қазақстаннан барған. Ұсталғандардың бірінің адвокаты қорғауындағы студентке ақша бопсалау мақсатында адам ұрлауға сыбайлас болды деген айып тағылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Басылымның жазуынша, студенттер өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, егде жастағы әйелдің үйіне кірген. Олар әйелдің немересін іздеген. Алдын ала мәлімет бойынша, жігіттер одан қарыз деп санаған ақшаны өндіріп алмақ болған. Әйелдің айтуынша, үйіне келгендер қара киім киіп, беттерін тұмшалаған.

Жергілікті БАҚ студенттер іздеген жігітін кейін тауып, соққыға жыққан болуы мүмкін деп жазды. Егде жастағы әйел үйіне келгендердің әрекетіне шағымданбақ болғанда, олардың полиция қызметкері екені туралы сөзі жалған болып шыққан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы Уильямс Коулға халықаралық іздеу жариялады. Шетел азаматы Қаз...

Шоу-бизнес

Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жанар Байсемізді...