24 маусымда Қазақстанда нөсер жаңбыр, бұршақ және 41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
168

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 24 маусым, сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, түнде оңтүстікте, күндіз солтүстік пен орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жаууы, дауылды екпін (шквал) болуы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте және орталықта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының шығысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Жамбыл облысында 38–40 градус, ал Түркістан облысында 40–41 градус ыстық болады.

Сонымен қатар, күндіз Павлодар мен Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде ауа температурасы 40–41 градусқа дейін жетіп, өте қатты ыстық күтіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...