“26 турист қаза тапты”: Тау бөктерінде атыс болды

Фото: Бейнеден кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2573

Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болып, 26 турист қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ORDA.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Екі ел арасындағы атыс Кашмирде болған лаңкестік әрекеттен кейін болған. Шабуылдан Пахалгам қаласында 26 турист қаза тапты. Олардың қатарында туристер, қарапайым халық та бар. Үндістан бұл оқиға үшін Пәкістанды айыптап, арадағы басты өткелді жапты. Сондай-ақ пәкістандықтарды визасынан айырды.

Сонымен қатар Дели Үнді өзенінің суын ортақ пайдалану туралы келісімнің күшін тоқтатты. Ал Пәкістан әуе кеңістігін жауып, Үндістанмен арадағы сауданы доғарды.

Үндістан полициясы үш күдікті содырдың есімдерін жариялап, олардың екеуі пәкістандықтар екенін атап өтті.

Үндістан Пәкістанмен дипломатиялық қарым-қатынасты бұзып, елшіліктегі жұмысшыларының санын екі есеге азайтты.

Әлем

Сот оны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &n...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Сейфуллин даңғылы бойындағы Forum сауда орталығының маңында екі жүргізуші арасында жанжал ш...