Көпқабатты үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1237

Қытайда көпқабатты үй өртеніп, 12 адам опат болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тағы 4 тұрғын ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Гуандун провинциясының Шаньтоу қаласында болған. Бұл туралы Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Төрт қабатты ғимараттан шыққан өрт 40 минуттан кейін сөндірілген. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Мамандар тілсіз жауға не себеп болғанын анықтап жатыр.

Айта кетейік, Алматы-2 вокзалында бір мезетте 52 адам газдан уланып қалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...