Астанада «Заң және тәртіп баланың көзімен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1009

Астана қаласында прокуратура мен әкімдік бірлесіп ұйымдастырған «Заң және тәртіп баланың көзімен» атты қалалық сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Байқауға елордалық мектептердің 5-7-сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты – балаларға заңды сақтау мен тәртіптің маңызын шығармашылық арқылы түсіндіру.

Қазылар алқасының құрамына Астананың ЮНЕСКО-ға қарасты Балалар көркемсурет мектебі-клубының ұстаздары мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Олар жұмыстарды көркемдік деңгейі мен тақырыпты ашу шеберлігі бойынша бағалады.

Нәтижесінде 22 үздік жұмыс таңдалып, авторларына дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта үздік жұмыстардың көрмесін қаланың қоғамдық орындарында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

СПОРТ

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 2026 жылғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде түнде мейрамхана маңында тапаншадан оқ атқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPor...