2025 жылдың 10-14 қазаны аралығында Алматыда қуыршақ өнерінің шымылдығы түріліп, халықаралық шығарма...
31 арна отыз жылдық мерейтойын өткізеді
3117
31 арна ұжымы 16 наурызда Алматыдағы Rixos қонақ үйінде мерейтойлық маусымның тұсаукесерін өткізеді. Телеарнаның 30 жылдығына орай бірнеше жоба көрермен назарына ұсынылады. Жаңа реалити-шоу, сериалдар мен кино түсірілімінен бөлек, эфирде бірнеше автокөлік, тұрмыстық техникалар мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Іс-шара барысында 31 арнаның Бас директоры Құрманбек Жұмағали компанияның алдағы жоспарларымен бөлісіп, сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.
Сондай-ақ, шақырылған қонақтар үшін түрлі ойындар, сыйлықтар мен фуршет ұйымдастырылады.
Өтетін орны мен уақыты: Сейфуллин даңғылы, 506/99, сағ. 11:00-де.
Қосымша ақпарат 8 701 914 55 88