Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
756

Мемлекет басшысы Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, , деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

"Құрметті отандастар!

Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.

Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді.

Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді.

Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Әр үй құт-берекеге толсын!", - деп жазылған құттықтауда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...