Париж-2024: Таеквондошы Самирхон Абабакиров алғашқы кездесуде жеңіліп қалды

Фото: Сали Сабиров

ЖАҢАЛЫҚТАР
2803

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп жазады madeniportal.kz.

Ерлер арасында 58 келі салмақта сынға түскен Абабакиров алғашқы айналымда Олимпиада чемпионы, италиялық  Вито Дел'Акилаға қарсы шыққан болатын. 

Алғашқы кезеңде 12:6 есебімен басымдық танытқан Самирхон соңғы екі кезеңде қарсыласқа есе жіберіп алды. 

Айта кетелік, бұл қазақстандық таеквондошының алғашқы Олимпиадасы. Ол өз мансабындағы тұңғыш ойында Олимпиада чемпионынан қаймыққан жоқ. 

Енді ол қарсыласының финалға жетуін күтеді. Егер италиялық спортшы ақтық сынға жетсе,  Самирхон Абабакиров жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...