Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» орд...
«Мен өз ұстанымдарынан бас тартпаймын»: Дина Төлепберген Руслан Берденовпен сұхбатын жариялады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген бір жыл бұрынғы Руслан Берденовпен сұхбатын жариялады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Тележүргізуші Берденовке тез сауығып кетуін тіледі.
"Бір жыл бұрын сұқбат барысында Руслан Берденов маған: “Билік – бұл жақсы өзгерістер істеуге мүмкіндік.
Пікірталастағы басты аргумент – тұрып кету. Сатқындықты кешірмеймін. Біреудің алдында бас игенше, өзіңе сеніп жұмыс жаса.” – деп еді. Бүгін оның ауруханадан өз аяғымен шыққанын естіп, шын қуандым. Сұқбаттан сол сәттегі сөздерін бөлісіп отырмын. Бір жыл бұрынғы принциптерін ол бүгін де сақтап қалған ба екен?.. Жоқ әлде, өмір мен өлімнің арасынан өткен адам үшін енді басымдықтар басқа ма?.. Сұрақ көп. Жауап – оның алдағы әрекетінде", - деді журналист.