БҚО-да ер адам кәмелетке толмаған қызды үйіне алдап шақырып, зорлық жасаған

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
715

БҚО-ның Шыңғырлау ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам кәмелетке толмаған қыз баланы үйіне алдап шақырып, артынша зорлық жасаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен қыздың әкесі полицияға жүгінген. Оның айтуынша, оқиға 2 қаңтар күні болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайды растады және осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы «Кәмелетке толмағанды зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің өндірісінде, іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілгеннен кейін шешіледі», – деп хабарлады БҚО ПД.

Ведомство өкілдері істің полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...