Ащысай ауылында мәдениет үйі өртеніп кетті

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1714

Түркістан облысы Ащысай ауылында мәдениет үйі өртеніп кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттан тек қабырғалар ғана қалған. Ішінде көне музыкалық аспаптар, фильмдер мен пластинкалар топтамасы және кітапхана болған.

Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, өрт 4 тамыз күні шыққан. Шатыры өртеніп, жалын 1512 шаршы метрлік ғимараттың 600 шаршы метр аумағын шарпыған. Бұл ғимарат 1938 жылы салынған. Өрт сөндірілді, себептері анықталуда.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...