Алматыда Жаңа адамдардың 1000 белсендісі мерзімі өткен санаға қарсы митингке шықты, деп ха...
Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі табылды ма? Министрлік түсініктеме берді
Азаттық рухы
Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған деп мәлімдеді.
«Қазақстанда маймыл шешек ауруының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, сондай-ақ әкелу жағдайы тіркелген жоқ. Алдын алу мақсатында өткізу пунктерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді», – делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдемесінде.
Ведомство мәліметінше, жалған жарияланымда маймыл шешегіне дайындық бойынша ведомствоаралық жаттығулар өткізілген видео пайдаланылды.
«Дұрыс емес ақпарат тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар мен барлық азаматтарды ресми көздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.