Әскери шеруге бөлінген 2,5 млрд теңге нақты не нәрсеге жұмсалады?

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2536

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Астанада әскери шеру өткізуге бөлінген 2,5 млрд теңге нақты не үшін жұмсалатынын айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ  ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шайх Хасан Жазықбаев 2,5 млрд теңге нақты не үшін жұмсалатынын түсіндірді.

"Жанар-жағармай, тасымалдау, әскери қызметшілердің тамағы, киім тігуге жұмсалады. Негізінен әскер тұрақты орнында болған күннің өзінде де жауынгерлік даярлыққа ақша жаратылады", - дейді Жазықбаев Ұлысмедиа тілшісіне.

Еске салайық, қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеген болатын. Әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінеді.