Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1559

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мамандардың болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын күтіледі.

“Қазгидромет" РМК 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болатынын айтты. Республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.

23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...