Көлсайда микроавтобус жардан құлап кетті

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
176

Алматы облысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркі аумағында микроавтобус жардан құлап, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Оқиға орнынан түсірілген видео Қазнетте таралып жатыр. Кадрларда көлік құралының тік беткеймен төмен қарай сырғып бара жатқаны көрінеді.

Полицияның мәліметінше, бұл оқиға биылғы 25 сәуірде Көлсайдың таулы аймағында болған. Алдын ала деректер бойынша, көлік тұрақ аймағынан өздігінен еңіспен төмен сырғып кеткен.

«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға жүгінуден бас тартты, ешкімге қандай да бір шағымы жоқ», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиғаның себептері анықталуда.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралын қолжетімсіз аумақтан шығарып алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада мектеп оқушылары арасында болған жанжал сегізінші сынып оқушысының ауыр жарақат алуымен аяқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі қазақстандық актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шықты, деп хабарла...