Жер сілкінісінен 3 жасар бала көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2158

Тәжікстанда жер сілкінісінен үш жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тәжікстанның Төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс комитеті 3 жастағы сәби қайтыс болды деп хабарлады. Жерасты дүмпулерін көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан тұрғындары да сезген.

Айта кетейік, Тәжікстанда бір күнде 2 рет жер сілкінді. Олардың қуаты 5,9 және 4,2 балды құраған. Зілзала ошағы ел астанасы Душанбенің шығысынан 180 шақырым аумақта 10 шақырым тереңдікте тіркелді.