"Тағы бір жаңа биік. Тағы бір жаңа белес. Құдай бересалған Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі өтке...
Павлодарда алаш арыстарына мурал салынды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар педагогикалық университеті студенттер жатақханасының қасбетінде «Алаш» партиясының жетекшілеріне арналған мурал ашылды.
Суретші партияның негізгі мүшелерінің бейнелері салып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деген жыр жолдарын жазған.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенконың айтуынша, мурал – Алаш орда қозғалысының өкілдері - қазақтың тәуелсіздігі туралы армандаған ұлы адамдарға деген құрмет. Бұл оқиға университет үшін де, жалпы қала үшін де үлкен маңызға ие.
Саяси ұйым құру туралы ой Әлихан Бөкейханов, Міржақап Дулатов және Ахмет Байтұрсыновтың сөйлеген сөздері мен қызметтерінде көрініс тапты. Халықтың теңдігі мен азаттық идеясы қозғалысына ақын, жазушы, философ Шәкәрім, жас талантты ақын Мағжан Жұмабаев сияқты көрнекті мәдениет қайраткерлері тартылды - дейді ол.
Оның айтуынша, бұл муралдың университет ғимаратында орналасуы ППУ үшін үлкен құрмет, өйткені білім ордасынан педагогикалық интеллигенцияның лайықты өкілдері шыққан. ЖОО 60 жыл бойы еліміздің зияткерлік элитасы педагогтарды даярлайтын ірі орталық болып табылады. Бүгінгі студенттер Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келді. Біздің міндетіміз – тәуелсіздік үшін күрескендердің мұрасын сақтау және көбейту.
Қала әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асқан жоба өте ұтымды жасалған. Жастар көптеп шоғырланған орынға салынған рухты сурет Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, "Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!.."-деген ұранды сөзімен асқақтап тұр! Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ерекше тартудың бірі болды деген ойдамын. Әрі шаһарымызға көрік берер өнер туындысы. Барша зиялы қауымды, рухты азаматтарды осы жерде суретке түсуге шақырамын! - дейді Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Жарқынбек Амантайұлы.