Белгілі этнограф Ардаби Мәулетұлы қазіргі кезде ажырасудың көбею себебін атады, деп хабарлады MADENI...
«Ақшаң көп болса да денсаулыққа зиян»: Жазира Байырбекова неге алаңдайтынын айтты
ашық дереккөз
Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба жариялап, көпшілікті ойландыратын сауал қойды. Өнер иесі өзінің қаржысын қайда жұмсағанын да айтып өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында осы айда банктегі ақшалар жойылады деген ақпаратқа қатысты ойын бөлісті. Ол мұндай жағдайда халықтың несие қарыздары да кешіріле ме деген сұрақ қойды.
«Осы айда банктегі ақшалар жойылады дей ме?! Сонда халықтың кредиттері де жойылып кете ме, кім біледі?» – деп жазды әнші.
Жазира Байырбекова өз қаржысын шығармашылық жобаларға жұмсағанын айтып, бұл жағдайға әзіл аралас пікір білдірді. Оның сөзінше, тапқан табысын ансамбльдеріне және жаңа театрға салған.
«Хорошо что бүкіл ақшаны ансамбльдеріне, жаңа театрға салып тастадым. Ақшаң көп болса да денсаулыққа зиян ғой, ақшаны уайымдап жүресің. Шүкір осы жүрісімізге», – деді өнер иесі.
Осылайша әнші ақшаны жинап қана қоймай, оны шығармашылық жобаларға жұмсағанын жеткізді. Сондай-ақ қаржыға қатысты артық уайым адамның денсаулығына да әсер етуі мүмкін екенін меңзеді.
Айта кетейік, банктегі ақшаның осы айда жойылатыны туралы ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Сондықтан әншінің жазбасын банктегі салымдар мен несиелерге қатысты нақты өзгеріс туралы хабарлама ретінде қабылдауға болмайды.