Жануарға зиян келтіруге болмайды: Жетісу облысында аю ауылдардың біріне кіріп кеткен

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
585

Жетісу облысындағы Сарыөзек ауылында елді мекен аумағына кіріп кеткен қонжық іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жабайы жануар түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторының айтуынша, қонжық таңғы сағат бес шамасында байқалған. Көліктен үркіп қалған ол ауыл ішіндегі көшелердің біріне қарай қашып кеткен.

Ауыл әкімдігі жануарды іздеу жұмыстары ұйымдастырылғанын растады. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, орманшылар және ветеринариялық станция қызметкерлері қатысып жатыр.

Жергілікті тұрғындарға дүрлікпеуге және аю қайта көрінсе, бірден құзырлы органдарға хабарлауға шақырды. Сондай-ақ іздеу тобы жануарға ешқандай зиян келтіруге болмайтынын ерекше атап өтті.

Әзірге қонжықтың дала аймағында орналасқан аудан орталығына қалай келгені белгісіз. Ауылға ең жақын орналасқан Алтын-Емел ұлттық паркі аумағы Сарыөзектен ондаған шақырым жерде жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары жануардың пайда болуына қатысты түрлі болжам айтып жатыр. Бірі оның қолдан қашып кеткенін айтса, енді бірі ауру болуы мүмкін деген пікір білдіруде. Алайда әкімдік іздеу жұмыстары аяқталғанша асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...