Шымкентте такси жүргізушісі шетелдік туристі зорламақ болған

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
902

Шымкентте полиция америкалық журналистке тиіскен такси жүргізушісін анықтап, әкімшілік жаза қолданды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы SMARTNEWS.KZ жазды.

Журналист Хоуп Лаудон әлеуметтік желіде жазған. Оның жазбасын «Немолчи.kz» қоры Facebook парақшасында таратты. Оқиға 2024 жылы орын алған. Лаудон Ташкенттегі бұрынғы курстасына бару үшін Қазақстан арқылы сапар шеккен. Алайда өзбек визасын рәсімдеуде қиындық туындап, оны Алматы – Ташкент пойызынан түсіріп, Сарыағашқа қайтарған. Байланыс пен қолма-қол ақшасыз қалған журналистке жергілікті жасөспірім үш мың теңге беріп, InDrive қосымшасы арқылы такси шақырып берген. Алайда әйелдің айтуынша, жүргізуші оны көлікте қорқытып, жыныстық сипаттағы әрекетке бармақ болған.

«Көлікке отырған сәттен-ақ мазам кетті. Жүргізуші бірден күмәнді қылықтар көрсете бастады: жылдамдықты 140-қа жеткізді, қосымша ақы талап етті, әлдекімдермен күмәнді қоңыраулар жасады. Шымкентке жеткен соң, «алдымен бір жерге соғып шығуым керек» деді. Мен оны мені алысқа, қала сыртына апарып, зорламақшы болды деп ойлаймын», — дейді Лаудон.

Оның сөзінше, жүргізуші хостелдің жанынан өтіп бара жатқанда, журналист ол жерді «өзінің аялдамасы» деп көрсетіп, тоқтатуға мәжбүрлеген. Дәл сол сәтте жүргізуші әйелдің «интимді жерінен ұстап алған». Журналист оған қарсылық көрсетіп, айқайлаған соң, жүргізуші тиісуін тоқтатқан. Әйел көліктен шығып, заттарын алып кеткен.

«Көптеген жақсы адамдар бар екеніне сенемін. Бірақ бұл әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың бар екенін жоққа шығармайды. Бір жасөспірім көмектесуге шын ниетпен қараса, жүргізуші мені қорлауға ұмтылды», — деп жазды журналист. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, такси жүргізушісі табылып, жауапкершілікке тартылған. Бірақ ол сексуалдық сипаттағы әрекет үшін емес, тек ұсақ бұзақылық пен жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жаза алған.

«Шетелдік азаматшаға тиісті көмек көрсетілді.  Миграциялық қызмет те араласты. Полиция азаматтардың, соның ішінде шетелдік қонақтардың қауіпсіздігіне қатысты әрбір фактіні жіті назарда ұстайды. Әрекет шұғыл әрі қатаң болады», — делінген департамент хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...