Қазақстан адвокаттарының қауымдастығы ұйымдастырған баспасөз конференциясында алматылық адвокат Жанн...
“Әйел көз жұмды”: Күйеуі әйелін соққыға жығып, ауруханаға жібермеген
Фото: nemolchi.uz
Күйеуі әйелін ұрып-соғып, ауруханаға жібермеген. 23 күннен кейін ол қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Немолчи.uz редакциясына 2025 жылдың 6 қаңтарында күйеуінің зорлық-зомбылығының құрбаны болған 27 жастағы Шахнозаның туысы жүгінді. Күйеуінен таяқ жеген келіншек бірден ішкі істер органдарына бармай, ауылдастарынан көмек сұрады. Бірақ ауылдастары да, басқа жергілікті органдар да болған оқиға туралы Құқық қорғау органдарына хабарлаған жоқ және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеспеді. Әйелдің анасы Ресейден келіп, қызын ауруханаға апарған.
Ауруханада әйелдің зорлық — зомбылықтың құрбаны болғаны айқын білінген. Күйеуі ауруханаға келіп, жәбірленушіні видеоға түсіріп, оны ұрмағанын айтуды талап етіпті.
1 ақпанда әйелдің жағдайы нашарлап, қайтыс болды. Марқұмның анасы әлі күнге дейін оның ішкі мүшелерінде жарақат бар-жоғын және өлімнің себебі неде екенін білмейді.
Марқұмның анасы күйеубаласының тиісті жазасын алғанын қалайды.