«Таңбалар тілі» журналы жарық көрді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3208

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істер және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен Геральдикалық зерттеулер орталығының «Таңбалар тілі» журналы жарыққа шықты.

Журналдың алғашқы санында  Е.Шаймерденұлы, Қ.Сартқожа, Т.Жұртбай, Қ.Ахметжан, А.Абсаликов, А.Хамитова, Қ.Бисенов, т.б. отандық ғалымдар мен шетелдік бірқатар салалық бағыттағы зерттеушілердің көне түркі рәміздері, Алтын Орда рәміздері, қазақ туралы, әскери нышандар, тарихи таңбалар туралы еңбектері жарық көрді.  

Орталық директоры А.Байжұмаұлы журнал туралы:

– Орталықтың мамандарының дайындауымен салалық бағыттағы ғылыми журналымыз жарық көріп отыр. Алдағы уақытта тутану, таңбатану, мөртану сияқты рәмізтану ғылымның салалық бағыттары туралы ғылыми мақалалар жарық көріп отыратын болады, - дейді.

Ғалыми зерттеу бөлімінің дайындауымен жарық көрген ғылым-танымдық журал алдағы уақытта 3 айда бір жарық көретін болады.

madeniportal.kz/

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...