Антикор азық-түлік бағасын реттеу кезінде жемқорлық заңбұзушылықтардың жолын кесуді ерекше бақылауға...
Асанәлі Әшімовтің немересі әсерлі жазба жариялады
Фото: ашық дереккөз
1147
Марқұм Асанәлі Әшімовтің немересі Аңсар Әшімов әлеуметтік желіде анасына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол парақшасында марқұм анасына деген сағынышын жеткізген.
Аңсар Әшімов анасының өмірден өткеніне 40 күн болғанын айтып, жүрекжарды сөздерін бөлісті.
«Сізді құшақтамағаныма, көрмегеніме, дауысыңызды естімегеніме, сүймегеніме 40 күн болды. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәтта болсын, Анашым», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жазба астында көңіл айтып, қолдау білдіріп жатыр.