Әл-Фараби мұрасы – Иран мен Қазақстан халықтарының рухани ортақтастығы

Фото: Мұхаммед Масұд Садеқи

ЖАҢАЛЫҚТАР
38

Иранның марқұм көшбасшысы Әли Хамени Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Тегерандағы кездесуде әл-Фарабидің Иран мен Қазақстан халықтарын байланыстырушы асыл мұрасын сақтау қажеттігін қуаттаған болатын.

 

Халықаралық қатынас кеңістігінде саяси және экономикалық байланыс екі ел арасындағы ықпалдастық жүйесінің бір бөлігін ғана құрайды. Оған жан бітіріп, түрлі өзгерістердің зияны мен зардабынан сақтайтын сала мәдениет.

Бұл күндері Тегеранда осыдан төрт ай бұрын жұмыс бөлмесінде мазлұм күйде дүниеден өткенИран Ислам Республикасы көшбасшысының жаназасын шығару және жерлеу рәсімдері өтіп жатыр.

Әли Хаменеи мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи кездесуі жетекшінің ислам әлемінің болашағы мен өркениет мұрасына деген жоғары көзқарасын көрсеткен терең мәдени байланыстың жарқын көрінісі еді. Сол кездесуде мәдениет саласы сарапшыларының назарын аударған басты мәселе Иран көшбасшысының өркениеттік ортақ мұраны жандандыру және сақтау қажеттілігін ерекше қуаттауы болды.

Ол кісі жағрапиялық шекаралардан ауқымдыпайымымен Ислам әлемі және Иран мен Қазақстанарасындағы ортақ өркениет кеңістігіне тиесілі ұлы тұлғалар мен ойшылдар туралы сөз қозғады. Солұлылардың көш басындағы екі халықтың ортақ болмысы мен ой-санасының айшықты тұлғасы хәкім Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі Әли Хаменеидің сөзінде ерекше аталды.

Иран халқы жетекшісінің айтуы бойынша, әл-Фараби бір ғана жағырапиялық аймаққа тиесілі тұлға емес, ол тарих бойында Иран мен Қазақстан халықтарының жүректерін байланыстырушы буын.

Хаменеи әл-Фараби мұрасын сақтауды баса айта отырып, біздің тамыры тереңге бойлаған байланысымыздың ортақ болашағымызға шабыттандыратыны туралы үндеу жолдады. Оләрдайым әл-Фараби мұрасын халықтардың төзімділігі мен айбынының мұрасы санады.

Бүгін біз ортақ мұра туралы айтып отырғанда діни жетекшінің асқақ болмысының арамызда жоқтығы ақиқат пен әділдікті сүйетіндердің жүректерін ауыр қайғыға душар етті. Көзі тірісінде халықтардыңғиззаты мен абыройын қуаттаған көшбасшыныңесімі өркениеттік негіздерімізді сақтау жолында бізүшін әрқашан бағдаршам болып қала бермек.

Ол кісінің Иран мен Қазақстан халықтарының рухани байланысына бағытталған асқақ идеясы мәңгілік мұра. Біз бүгін әл-Фараби сынды білім мен даналықтың ұлы тұлғаларына тағзым еткен сара жолды жалғастыруға уәде береміз.

 


Доктор Мұхаммед Масұд Садеқи,
Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени атташесі

 

Автордың парсы тілі туралы мақаласын да оқи отырыңыз! 

СПОРТ

Ресми түрде: World Esports Championship 2027 Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда жыл басынан бері қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жауып тұратын киім киюге тыйым салаты...