Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Қалғұты ауылында қайғылы оқиға болды. Балабақша ауласындағы үр...
Алаштанушы Ғарифолла Әнес дүние салды
Фото: ашық дереккөзден
2719
Тілші-ғалым, публицист Ғарифолла Әнес қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қазақ ғылымы, мәдениеті орны толмас қазаға ұшырады. Алаш азаматы Ғарифолла Әнестен айрылып қалды. Бақұл бол, қайран, дос, аяулы Ғареке! - деп жазды филология ғылымдарының докторы, профессор Қыздархан Рысберген.
Ғарифолла Әнес Алаш арыстарының мұрасын табу, зерттеу және жариялау ісіне өз үлесін тұрақты қосып келеді. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов және Х. Досмұхамбетұлы еңбектерін құрастырып, алғысөз-соңғысөздерін жазып, бірнеше рет жарыққа шығарды.
Айта кетейік, белгілі ғалым Ғариыолла Әнес «Құрмет» «Парасат» ордендерің иегері. Бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.