Президент бейнеленген ақша айналымға шығуы мүмкін

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2138

АҚШ-та Трамп бейнеленген банкнота шығару ұсынылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Оңтүстік Каролина штатының конгрессмені Джо Уилсон Дональд Трамп бейнеленген 250 долларлық банкнота шығаруды ұсынды. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды.

Қазір тиісті заң жобасы әзірленіп жатқан көрінеді. Уилсон АҚШ-тағы инфляцияны бұрынғы президент Джо Байденнің саясатымен байланыстырып отыр. Сөзінше, салдарынан ел халқы қолма-қол ақша ұстап жүруге мәжбүр болған.

New York Post газетінің жазуынша, Уилсонның бастамасы 1866 жылғы заңға қайшы. Ол құжатта көзі тірі адамның суретін америкалық ақшаға орналастыруға тыйым салынғаны айтылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...