Нобель сыйлығын табыстау рәсімі пандемияға байланысты тағы да өткізілмейтін болды, деп хабарлайды&nb...
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосылған құн салығы (ҚҚС) салынбайды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Депутаттардың ұсынысы бойынша жаңа Салық кодексі жобасында мынадай салық мөлшерлемелері сақталады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология саласы ҚҚС төлеуден босатылады;
– Әлеуметтік салада және денсаулық сақтау жүйесінде Үкімет ҚҚС-тан босатылатын дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін бекітеді. ҚҚС 10% мөлшерінде тек ақылы медициналық қызметтерге салынады;
– Әлеуметтік саладағы КТС (корпоративтік табыс салығы) кезең-кезеңімен ұлғайтылады – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады;
– Арнайы салық режимі бойынша рұқсат ету қағидасы емес, тыйым салу тізімі енгізіледі. Яғни тыйым салынбаған нәрсенің бәріне рұқсат етіледі;
– Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдік мөлшерлеме – «70% шегеру» сақталады;
– Өңдеу өнеркәсібі үшін КТС мөлшерлемесі 20% деңгейінде қалады;
– Банктік операциялар да ҚҚС-қа тартылады. Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесе отырып, баға өсімінің алдын алу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігін талдайды.