Әлеуметтік желді Eldos_kalabok атымен танымал блогер жуырда әке атанбақ, деп хабарлайды MADENIPORTAL...
Маңғыстау облысында ер адам өзін пышақтаған досының үстінен арыз жазудан бас тартты
Фото: freepik
1308
Маңғыстау облысында ер адам өзін пышақтап тастаған досының үстінен арыз жазудан бас тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Желіде тараған видеода үй іші қан-жоса болып жатқанын көруге болады.
«Алкогольді ішімдік ішкен екі дос жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісінің жамбасына пышақ салған», - дейді полиция.
Зардап шеккен ер адам досының үстінен арыз жазудан бас тартқан. Алайда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.