Алғабастағы алапат өрттен аман қалған 7 жастағы қыз да көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2096

Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қараша күні болған өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды МаdeniPortal.kz.

Осыдан 4 күн бұрын денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтангазиев кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған еді. Ол санитарлық авиация арқылы Жетісайдағы ауруханадан Шымкентке жеткізілген болатын.

Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген 7 жастағы қыз дәрігерлердің жедел шаралар қолданғанына қарамастан көз жұмды. Марқұмның мәйіті жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізілді. Оның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балық өнімін тұтынғаннан кейін ботулизм белгілерімен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мектеп оқушысы туберкулез жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға жатқызылды. Дәрігер...