Қарағандыда жойқын жарылыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
358

Қарағандыдағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, төрт адамды күйік шалды. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Halyqstan паблигінде Қарағандыдағы тамақтану орындарының бірінде болған өрттің видеосын бөлісті. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысы ТЖД өкілдері пікір білдірді

"22 қаңтарда Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында Ермеков көшесінде киоск түріндегі жедел тамақтану кафесінде сыйымдылығы 17 литр болатын баллондағы газ-ауа қоспасы жарылып, ары қарай ішкі және сыртқы қаптамасы, жиһаз, сондай-ақ тұрмыстық техника мен қолданылған киімдер өртке оранған. ТЖД өкілдері 27 литрлік екі газ баллонын сыртқа шығарды. Күйік белгілері бар төрт адам ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.

Супермаркет жанында орналасқан дөнер мен бургер әзірлейтін дүңгіршекте газ баллоны жарылған. Оқиға орнында дәмхана иесі, екі курьер мен бір қонақ болған. Олардың үшеуі жансақтау бөліміне бірден жеткізілген. Олардың жағдайы бірқалыпты ауыр дәрежеде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

"Томирис" фильмі арқылы танылған отандық киножұлдыз, актриса Альмира Тұрсын екінші сәбиін өмірге әке...