Алматы маңында екі адамды пойыз басып кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1894

23 маусым кешкісін Аксенгер – Бурундай учаскесінде екі адам пойыздың астына түсті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден кенеттен теміржолға шығып, арғы бетке өтпек болған.

Машинист белгі беріп үлгергенімен, арақашықтықтың тым жақын болуына байланысты тоқтай алмаған. Оқиға салдарынан екі адам да оқиға орнында қаза тапты.

Аталған жағдай бойынша теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру үшін арнайы комиссия...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсет...