Шерзат ісі: сотталғандар ақтауды талап етіп, кассациялық шағым түсірді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
195

Шерзат Полаттың өліміне байланысты сотталғандар кассациялық сотқа жүгінді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет сот үкімімен келіспей, өздерін толық ақтауды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. 2024 жылдың 3-інен 4-іне қараған түні Талғарда жасөспірім Шерзат Полат қаза тапқан. Оқиға орнында түсірілген бейнежазбаның әлеуметтік желіде таралуы қоғамның назарын аударған.

Тергеу барысында 40-тан астам сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс тоғыз адамға қатысты қозғалған.

Сот үкімі бойынша айыпталушылар әртүрлі мерзімге – 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ең ауыр жаза Абзал Шынасылға тағайындалып, ол 23 жылға сотталды.

Ал Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мәдениет сал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Түнтеков Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында сұхбат беріп, жеке...