Алматы облысында жер үй өртеніп, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті (ВИДЕО)

ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
817

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылында орын алған алапат өрт салдарынан әйел адам мен сәби мерт болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Тілсіз жау үш тұрғын үй мен олардың маңындағы шаруашылық нысандарын шарпыды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт туралы хабар тым кеш берілгендіктен, от жылдам таралғанын айтты. Құтқару жұмыстарына қою түтін мен үй қабырғаларының қамыспен қапталуы айтарлықтай кедергі келтірген.

Сонымен қатар, үйлердің бір-біріне тым жақын орналасуы мен тар көшелер де өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты.

Қираған үй ішінен ана мен баланың мәйіті табылды. Тағы бір тұрғын түрлі деңгейдегі күйікпен ауруханаға жеткізілген. Жалын жалпы 448 шаршы метр аумақты қамтыған. Қауіпсіздік мақсатында төрт газ баллоны сыртқа шығарылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...