Ресейлік Z-әртістердің Қазақстанда концерт өткізуіне қарсы шыққан белсенді полицияға шақырылды

Коллаж stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
327

Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған әртістердің Қазақстанда концерт өткізуіне қарсы шыққан қоғам белсендісі Аида Жексенова Астанада полицияға шақырылғанын хабарлады, деп хабарлады МadeniPortal.kz .

Бұл туралы Qaz365.kz жазды.

Белсендінің айтуынша, оны Астана қалалық полиция департаментінің экстремизммен күрес бөліміне шақыртқан. Себеп – оның қыркүйек айында Ресей әншісі Тиматидің концертіне бойкот жариялауға шақырған жазбасы.

«Кеше кешке полицияға шақырды. Ресей жұлдыздарының концертін ұйымдастыратын Алексей Пучков арыз түсіріпті. Ол менің “Тиматидің концертіне билет сатып алмаңыздар. Соғысты қаржыландырмаңыздар” деген жазбамды дәлел ретінде тіркеп, 174-бап белгілерін көріпті», – деп жазды Аида Жексенова.

Белсенді Алексей Пучковтың бұл әрекетін қысым көрсету талпынысы деп бағалады.

«Ол Z-әртістердің концерт өткізуіне ешкім кедергі келтірмеуін қалайды. Бірақ Қазақстан — Ресей емес. Мұнда азаматтардың “жоқ” деуге құқығы бар. Полиция бизнес өкілдерінің сұрауы бойынша қысым жасау тетігіне айналмауы керек», – деді ол.

Аида Жексенова өз жазбасын өшірмейтінін мәлімдеп, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан бұл мәселеге араласуды сұрады. Сондай-ақ журналистер мен қоғам белсенділерін үнсіз қалмауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...