5000 ұлттық киім: Маңғыстаулықтар әлемдік рекорд орнатты

Фото: madeniportal.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1734

Маңғыстаулықтар әлемдік рекорд орнатып, Гиннесс рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ақтауда 5000 адам ұлттық киіммен жиналып, тарих жасады. Халықаралық комиссия мүшелері шараның барлық кезеңін бақылап, ресми түрде жаңа рекордтың тіркелгенін жариялады. Осылайша жадағай, сәукеле, кимешек, комзол сияқты ұлттық киім киген қатысушылар мен олардың ауызбіршілігінің жарқын көрінісі тарихта қалады. 

Бұл айтулы күн мен ерекше шарада әнші Тамара Асар да бой көрсеткен. Сондай-ақ, желі қолданушылары да бұл қуанышқа ортақтасып, құттықтаулары мен қолдауларын білдіріп жатыр. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...