Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевке арналған ескерткіш ашылды

Фото: 24kz_tv

ЖАҢАЛЫҚТАР
741

Халық қаһарманы, аса көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері – Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында ұлы тұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Салтанатты іс-шараға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықау сөзінде ескерткіштің ашылуы халқымыздың әйгілі тұлғаға деген айрықша құрметі мен ыстық ықыласының белгісі екенін атап өтті. 

"Нұрғиса Тілендиев өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты, еліміздің мәдени мұрасын жаңғыртуға, қазақтың ән-күйін жер жүзіне танытуға зор еңбек сіңірді. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалап, ұлтымыздың рухани дүниетанымын байыта түсті. Ол алтын қорымызға енген пьесалар мен фильмдерге музыка жазып, театр және кино саласында қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Нұрғиса Тілендиевтің теңдессіз мұрасы әлі талай ұрпаққа тағылым берері сөзсіз. Оның есімі қазақ мәдениетімен бірге мәңгі жасай береді", – делінген президенттің құттықтау хатында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...