Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір көліктегі жеті адам қаза тапты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1079

Алматы облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға Алматы – Бішкек тасжолының 129-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odissei көлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де, алған жарақаттарынан көз жұмды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қайғылы оқиға болып, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан құлаған, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...