«Менің өлімім ғана заңсыздықты тоқтата алады»: Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2255

Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айырғанына наразы екенін білдіріп, аштық жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы оның Facebook парақшасында жарияланған жазбада айтылған.

«Мен аштық жариялаймын. Өйткені өзімді әу бастан-ақ кінәсіз деп санадым!» – делінген экс-министрдің атынан жазылған мәлімдемеде. 

Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алу және «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесін ұйымдастыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылған. Алайда ол сот процесінде заң бұзушылықтар болғанын айтып, өзінің ісін қайта қарауды талап етіп, президент әкімшілігіне хат жолдаған.

Қазіргі уақытта оның әлеуметтік желідегі парақшасын өзі жүргізіп отырғаны немесе өкілдері арқылы жарияланып жатқаны белгісіз. Бірақ Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан жазған хатты салыпты.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...