Алматы облысында жедел жәрдем көлігі адам қағып өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1893

Алматы облысында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оның өліміне себеп болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Жол-көлік оқиғасы 11 маусым күні Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында орын алған.

Hyundai H350 маркалы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Алматы – Өскемен автожолының 75-шақырымында жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, – делінген ресми хабарламада.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...