Алматы – Қорғас тасжолындағы жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
355

Алматы – Шелек – Қорғас автожолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жол апаты 23 маусым күні автожолдың 132-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Havalавтокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Audi 100 көлігімен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр. Haval көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алдағы сайлауға белсенді қатысып, саналы таңдау жасауға шақырд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасап, бұл саяси науқ...