Жер сілкінісінен мешіт қирап, ішіндегі адамдар өліп кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1833

Мьянмада болға жер сілкінісі кезінде  Мандалайдада орналасқан мешіт құлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Жергілікті  Khit Thit басылымының мәліметінше, қираған мешіт үйінділерінен кемінде 10 адамның денесі табылған.

Айта кетейік, жерасты дүмпулері көрші Таиландта, оның ішінде Бангкокта қатты сезілді. Қала билігі көпқабатты үйлерден тұрғындарды эвакуациялап, метро қозғалысын тоқтатты. 

Мьянмада 7,9 балдық жойқын жер сілкінісінен кейін араға 12 минут салып, тағы бір 6,4 балдық дүмпу тіркелді.

Қытай жер сілкінісі басқармасының мәліметінше, 6,4 балдық жаңа зілзала алғашқы 7,9 балдық дүмпуден кейін 12 минут өткенде болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Бангкоктағы ғимараттардың бірі құлап, 43 жұмысшы үйінді астында қалған. Тайланд билігі қауіпсіздік мақсатында барлық әуежайлардың жұмысын уақытша тоқтатты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...